Алтын адам

11 наурыз күні SDU Университетінің ғимаратында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ жеке қор иесі, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Ғылым қайраткері» номинациясы бойынша «Алтын адам» атағының иегері Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейістің туғанына 90 жыл толуына орай «Алтын адам» тақырыбында фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.
Көрмеге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Алматы облысы Кеген ауданының Құрметті азаматы — Талдыбек Әліұлы Нұрпейіс пен тарих факультетінің студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: тарихи тұлғаның өмір жолы мен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.