«Жеке тектік қор- ұрпаққа мұра!!!»

бір адамның өмірінің нәтижесі және қызметі барысында құралған құжаттардан тұрады, қор құрушының өмір сүрген уақытын сезінуге және оны тереңірек түсінуге көмектесетін бірден-бір тарихи көзі болып табылады.

Азаматтың жеке архивінің құжаттары құнды тарихи көзі болып табылатын, ол азаматтың жеке өмірі арқылы көптеген оқиғалар мен деректердің дамуын көруге мүмкіндік береді. Жеке тектік қордың құжаттарын сақтай отыра, өздерінің еңбегімен аймағымыздың даңқын шығарған біздің  ата-бабаларымыз, жерлестеріміз жадымызда сақталады.

Жеке  адамдардың қалыптасу құжаттарының  құндылығы-ол құжаттарда адамдардың өзара қарым-қатынасы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері беріледі, оларға жекелеген оқиғаларға берілген бағалар мен сипаттамалар, көзқарастар көрінеді. Жеке қорлардың өз ерекшелігі бар, және олар ресми органдардың құжаттарын толықтыра отырып, елдің  қоғамдық, саяси, шаруашылық және мәдени өмірін, дәуірдің тыныс-тіршілігін толығырақ, тереңірек түсіндіреді.

Жеке тектік қор дегеніміз әр адамның өзінің өмірбаянынан бастап, жеке құжаттары (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік т.б.), алған әртүрлі марапаттары, жазған мақалалары, қолтаңбалары, тағы сол сияқты сақталған көптеген құжаттарының тұпнұсқаларының жиынтығынан жиналған қор.

Қор құрастырушыдан қабылданатын құжаттар құрамы мына төмендегідей болып келеді: жеке құжаттары, атқарған мемлекеттік, қоғамдық қызметтері нәтижесінде жинақталған құжаттары, қор иесінің шығармашылық құжаттары және қызықтырған  әртүрлі тақырыптарға байланысты жинақталған құжаттары, авторлардың қолтаңбаларымен сыйға берілген кітаптары, брошюралары, фотосуретері.  Жеке тектік қорға құжаттардың түрлі топтарын жатқызуға болады. Олар:-өмірбаяндық, қызмет және қоғамдық қызметтегі құжаттар, қор құрушымен жұмыс үшін жинақталған құжаттар, хат алмасу, сыйға тартылған жазбалар, қор құрушы өмірінің экономикалық және тұрмыстық материалдар, қор құрушы туралы құжаттар, суреттеуші материалдар.

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалында кәзіргі таңда  мемлекеттік сақтауда  4/төрт/ жеке тектік қор бар, яғни Ұлы Отан соғысының ардагері, Бақанас ауылының тұрғыны болған Сейткерім Алтынбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, Балқаш ауданы Қарой ауылының тумасы Қалжанбай Несіпбаев, Бақанас ауылының тұрғыны, ауданның құрметті азаматы, жауынгер-интернационалист Мұқанғали Қожабеков және ауданның құрметті азаматы Бақыт Сқабаев сияқты аталарымыздың құжаттарынан жинақталған қорлар.

Балқаш филиалы  жеке қор иелерінің құжаттарынан  көрме ұйымдастырып, баспасөз беттеріне мақала жариялап отырады, және сақтаудағы жеке қорлардың құжаттарын толықтырып отыру мақсатында қосымша құжаттарды қабылдау жұмыстарымен де айналысады.

Құрметті оқырман,  үйде сақтаулы тұрған ата әжелеріміздің құжаттарын мемлекеттік архивке жеке тектік қор ретінде өткізулеріңізге болады, қандай да  сұрақтарыңыз  болса  «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалына  хабарласып кеңес алуға болады.   Архивтің мекен жайы: Бақанас ауылы Қонаев көшесі,75 «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ғимаратының  1 қабаты. Тел. 95-3-42.

АОМА. Балқаш филиалының директоры
А.М. Айнакулова