«Архив ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету»

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде алу үшін қол жетімді. Осы мақсатта «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» (бұдан әрі) мемлекеттік көрсетілетін қызметін  өтініш негізінде Мемлекеттік мекеме кеңсесінен, «e-Otinish» бағдарламасынан, Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы    немесе     «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасы»  негізінде осы қызметтер түрі жүзеге асырылып келеді.

Алматы облысының мемлекеттік архиві мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттарының негізінде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сұранымдарын қанағаттандыру мақсатында архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер, архивтік көшірмелер береді. Сонымен бірге, тақырыптық сұранымдар да орындалады.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»  қызметі облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік мекеме кеңсесінен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік    қоғамынан    немесе     «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы құжаттарды қабылдау, қолма-қол және электронды форматта жүргізіледі. Көрсетілген қызметті алушы құжаттары толық емес және қолдану мерзімі өткен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде ұсынған жағдайда, кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тарта алады. Архивтік анықтамаларды сұрауға байланысты келіп түскен өтініштерді кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындауға тіркейді, (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: өтінім келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету 11 (он бір) жұмыс күні ішінде  қаралып,  өтінім мазмұнына сай  жауаптар көрсетілетін қызметті алушының (ЭЦҚ) «жеке кабинетіне» жолданады. Өтінімдегі кейбір құжаттар Алматы облыстық мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға түспеген жағдайда, өтінімде көрсетілген мекен-жай бойынша аудандық архивтер мен олардың филиалдарына 3 (үш) жұмыс күні ішінде  бағытталады.  Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап, күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы тиіс.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы, яғни өтініш иесі, өзінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін, егер де уәкілетті өкілі болған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша (көшірмесін), сонымен қатар, сұранымға сай құжаттардың көшірмелерін өтінімге қосымша құжат ретінде беруі тиіс.

Архивтік анықтама – заңды күші бар ресми құжат болып табылады.

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Республикалық, қалалық және аудандық архивтер, шет елдермен, өзге де облыстардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ЦОН), мемлекеттік архивтермен бірлесе жұмыс жасауда. Бүгінгі күнде азаматтардың талап-тілегін орындау мақсатында архив қызметі жүйелі, сапалы түрде жолға қойылған. «Алматы облысының мемлекеттік архиві» халық игілігі үшін қызмет етуге дайын.

Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы
А.Б. Кубаисов