«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-сі және SDU университетінің студентерімен бірлесіп 26 қыркүйек күні «Қызмет алушылар күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілетін хабарлайды
Аталған іс-шара мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін түсіндіруге, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері, оларды алу тәртібі, көрсетілу мерзімдері, қажетті құжаттар тізбесі және мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірме беріледі. Сонымен қатар, іс-шара барысында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелер, өтініштерді қарау тәртібі және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері бойынша ақпарат ұсынылады.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеу, өтініш беру тәртібі, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелер беру көзделеді.