11.08.2025

«Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» және «Е-Архив АЖ жұмыс жасау» тақырыбында семинар

  Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен, Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» және «Е-Архив АЖ жұмыс жасау» тақырыптарында екі күндік өңірлік семинар өтті.
            Аталмыш іс-шара барысында өңірлердегі архив ісі саласында семинар тақырыптарына сай жұмыс туындайтын мәселелер талқыланып, әртүрлі тақырыптарда баяндамалар оқылып, мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің мемлекеттік сақтауындағы құжаттардың негізінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» және «Халқы қадірлеген» атты фотоқұжаттық көрмелер таныстырылды.
           Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік- құқықтық реттеу басқармасының басшысы – Салтанат Нұртасқызы Тащанова, «IServ» ЖШС жоба менеджері – Дана Ануарбековна Балтабекова, сонымен қатар Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері, өңірлік архивтердің басшылары мен мамандары қатысты.