11.02.2025

Семинар

05 ақпан күні «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ «Нормативті-әдістемелік база», «Мекемелердің ведомстволық архивтерінде құжаттардың сақталу тәртібі» және «Е-архив құжаттардың бірыңғай ақпараттық жүйесімен таныстыру» тақырыптарында семинар өткізді.

Аталмыш іс-шараға Алматы облысының мемлекеттік архиві мен оның филиалдарының дереккөздер тізіміне енгізілген облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар мекемелер мен ұйымдардың (облыс/аудан/қала әкімдіктері, мәслихаттары және облыстық басқармалар) іс жүргізуге жауапты мамандары қатысты.

Семинар барысында мекеменің істер номенклатурасын құрастыру, ведомстволық архивтерде құжаттардың талапқа сай сақталу тәртібі, паспорт ісі, сонымен қатар Е-архив АЖ жұмыс жасау бойынша ақпараттар ұсынылды.