Архив құрылымы

  • Басшылық
  • Архивтің филиалдары
  • Архивтің бөлімдері
Кулмуханбетова Гульмира Ивановна
Алматы облысы Мемлекеттік архивінің бас директоры
Телефон: 8(727)305-35-00
Қырықбай Айгерім Нұрахманқызы
Бас директордың орынбасары
Телефон: 8(727)715-31-68
Джакатова Аида Сапарбековна
Бас директордың әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары
Телефон: 8(727)305-35-29
Кекрелиев Спандияр Аленович
Заңгер
Телефон: 8(727)305-35-29
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАЛҚАШ ФИЛИАЛЫ
Директор: Айнакулова Ақтоты Мухтархановна
Телефон: 8(7277) 39-53-42
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ ФИЛИАЛЫ
Директор: Тохмамбетова Роза Раймжановна
Телефон: 8(7277) 62-40-71
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ
Директор: Шалгинбаева Жанат Болатовна
Телефон: 8(7277) 02-25-30
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ КЕГЕН ФИЛИАЛЫ
Директор: Санатқызы Раушан
Телефон: 8(7277) 72-14-60
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚАРАСАЙ ФИЛИАЛЫ
Директор: Ниеткалиева Асель Багдановна
Телефон: 8(7277) 15-31-77
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ
Директор: Базаркулова Айман Ерланқызы
Телефон: 8 (7277) 22-25-35
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛҒАР ФИЛИАЛЫ
Директор: Солтангазиева Улжалгас Сахариевна
Телефон: 8(7277) 44-16-58
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ІЛЕ ФИЛИАЛЫ
Директор: Ажиханова Айнур Айтбаевна
Телефон: 8(7275) 27-77-24
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙҒЫР ФИЛИАЛЫ
Директор: Давутова Алинура Ясыновна
Телефон: 8(7277) 82-10-53
Мәлімет
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ РАЙЫМБЕК ФИЛИАЛЫ
Директор: Жумакан Гульзада Жанболатқызы
Телефон: 8 (7277) 72-10-01
Мәлімет
Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімі
Бөлім басшысы: Каримжанова Алия Салигазиевна
Телефон: 8(727)71-53-109
Мәлімет

Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімі «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім облыстың мекемелеріне архивтік қызмет бойынша құжаттамалық басқару және облыстағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыруды басқару бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, Алматы облысы бойынша құжаттардың ведомстволық және жеке сақтаудағы іс-қағаздарының жүргізілуін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі қызметі: архив жұмысының негізгі бағыттарын айқындау, жеке тектік құжаттарды жинақтау, құжаттардың құндылығын сараптау, олардың ведомстволық және жеке сақталуын ұйымдастыру, құжаттау; жеке тектік қорлардың тақырыбы бойынша баспа жұмыстарын; архивтік іс және құжаттаудағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді; құжаттарды іздеу және мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру; облыс бойынша таратылып жатқан және өз қызметін тоқтатқан ұйымдардың құжаттарын іздестіру және мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру, құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу және қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімі
Бөлім басшысы: Жунусова Айгуль Сайлауевна
Телефон: +77273053529
Мәлімет

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімі Алматы облысы Мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін дамыту және жетілдіру: архивтік анықтамалықтар кешенін (архивтік тізімдемелер, каталогтар, жөнсілтемелер, көрсеткіштер, құжаттарға шолулар және т. б.), автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру; архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалануды және жариялауды ұйымдастыру; ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты жүргізу, озық ақпараттық-іздестіруді құру және жетілдіру, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасу; оларды одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; фотоқұжаттық көрмелерді, телебағдарламаларды, мақалаларды, құжаттар топтамаларын, конференциялардың презентацияларын, шығармашылық кештерді, экскурсияларды, дәрістерді, архив құжаттары бойынша мектеп сабақтарын дайындауды ұйымдастыру; өзекті тақырып бойынша құжаттар жинақтарын, нұсқаулықтар мен басқа да анықтамалықтарды, каталогтарды өз бетінше немесе басқа архивтік және ғылыми мекемелермен дайындау және басып шығару архив құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы шолулар, көрсеткіштер; ұлттық-мәдени орталықтармен, кітапханалармен, мұражайлармен бірлескен жұмыс жүргізу; архивтің оқу залында зерттеушілермен жұмыс, тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу, архивтік құжаттарды каталогтау бойынша жұмыс, бөлім мен филиалдардың жұмысы туралы жоспарлар мен есептерді жасау және бөлімнің ғылыми-әдістемелік және өндірістік қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Бөлім басшысы: Кубаисов Арсен Байгалиевич
Телефон: 8(727)71-53-146 8(727)71-53-787
Мәлімет

Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Алматы облысының мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сұраныстарды орындау бойынша азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Бөлімнің негізгі міндеттері: «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады; Е-Архив, Е-өтініш бағдарламаларымен жұмыс істеу; жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі портал) келіп түскен сұрау салуларды орындау. Мемлекеттік архивтермен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп конференциялар, семинарлар өткізуге қатысады. Бөлімнің және филиалдардың жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды.

Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім басшысы: Асилханова Гульмира Закировна
Телефон: +77273053529
Мәлімет

Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімі Алматы облысы мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері: архив қорлары мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау; Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының және архив қоймаларында сақталатын басқа да архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету; архив қоймаларының жұмысы туралы есептерді уақытылы ұсынуды ұйымдастыру; архив қорлары мен құжаттардың архив қоймаларында ұтымды орналастырылуын, есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз ету болып табылады; архив қорларының физикалық жай-күйін жақсарту, құжаттарды қалпына келтіру, консервациялау және сақтандыру көшірмесін жасау жөніндегі шаралар кешенін жүргізуге қатысу; архив құжаттарын құпиясыздандыруға қатысу; құжаттардың бар-жоғын, олардың физикалық жай-күйін тексеру, архив қоймаларынан оқу залына, мекемелерге істерді беруді жүзеге асыру, ұйымдарға — уақытша пайдалануға, олардың архив қоймаларына қайтарылуын бақылау; архив құжаттарын сақтау режимдері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету; архив қоймаларының температуралық-ылғалдылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу; құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық игілік объектілеріне және аса құнды құжаттарға жатқызу мақсатында анықтау; архивтың жиынтық паспортын және қорлар құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жасау; архив қоймаларында өрт қауіпсіздігі қағидалары мен күзет режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Бөлім мен филиалдардың жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасау. Бөлімнің ғылыми-әдістемелік және өндірістік қызметін жүзеге асыру.

Ақпараттық технологиялар бөлімі
Бөлім басшысы: Сыдыков Бауржан Сартайулы
Телефон: +77273053529
Мәлімет

Ақпараттық технологиялар бөлімі Алматы облысының мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындауға, сонымен қатар жергілікті компьютерлік желілерді, қолданылатын хаттамаларды, операциялық жүйелерді, желілік жабдықтарды, серверлер мен жұмыс станцияларының аппараттық құралдарын, қорғауға арналған бағдарламалық және техникалық құралдарды ұйымдастыруға жауап береді, компьютерлік желілер; автоматтандарылған архив технологиясын және архив қорлары бойынша құжаттардың ақпараттық базасын енгізуді ұйымдастыру; Архивтегі ақпаратты техникалық және автоматтандыру құралдарындағы ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету; «Е-архив» жүйесін тиімді пайдалану, Интернет, серверлер, электронды поштаны орнату.

Ұйымдастыру-кадрлық бөлімі
Бөлім басшысы: Аркабаева Шолпан Кокбаевна
Телефон: +77273053529
Мәлімет

Ұйымдастырушылық – кадр бойынша жұмыс бөлімі «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің (бұдан әрі мемлекеттік архив) өз бетінше құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім мемлекеттік архив бейініне сәйкес мемлекеттік архивтті қажетті кәсіби мамандар мен білікті жұмысшылар және қызметшілерден тұратын кадрлармен толықтыру бойынша жұмысты орындайды;
Мансап орталықтарымен тікелей байланыс орнату, қызметкерлерді жалдау туралы хабарландырулар орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы болжамдар әзірлеуді, кадрларға ағымдағы және перспективалық қажеттілікті және оны қанағаттандыру көздерін айқындауды ұйымдастырады;
Кадрлардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде оларды іріктеу, сонымен қатар орналастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды уақтылы ресімдеуді ұйымдастырады;
Мемлекеттік архивте және оның филиалдарында қажетті бұйрықтарды, азаматтық-құқықтық, еңбек шарттарын, материалдық жауапкершілік туралы шарттарды және басқа да құқықтық сипаттағы актілерді әзірлейді;
Жарғыны, филиалдар туралы ережелерді әзірлейді. Тіркеуші органдарда жарғыны тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізеді;
Ұжымдық шарт әзірлейді, еңбек тәртібін нығайту, мемлекеттік архивте әлеуметтік — еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
Алматы облысының еңбек инспекциясы басқармасында ұжымдық шартты тіркеуді жүргізеді;
Мемлекеттік архивтің және оның филиалдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуді хабардар етеді және ұйымдастырады, қайта аттестаттауға жататын қызметкерлер тобын айқындайды.
Бөлім мемлекеттік архив қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның соттарда, басқа органдарда құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Қаржы бөлімі
Бөлім басшысы: Нұрахметова Айдана Келісқызы
Телефон: 8(727)305-35-01 8(727)305-35-02
Мәлімет

Қаржы бөлімі Алматы облысының мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: жүргізілген барлық операцияларды есепке алу, жедел ақпарат беру, белгіленген мерзімде қаржылық есептілікті құру, уақытылы еңбекақы төлеу, табыс салығы, әлеуметтік салық бойынша есептерді, статистикалық есептер, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептерді уақтылы тапсыру, тиісті органдарға қаржыландыру жоспарын орындау үшін балансты ұсынуды қамтамасыз ету, тиісті органдарға тиісті кезеңге бюджеттік өтінім беру, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп дайындау болып табылады.